Махамбет ауданында «Атырау-Ақпараттың» кубогі үшін футболдан іріктеу кезеңі басталды (ФОТО)

IMG 5942 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен Махамбет ауданындағы мемлекеттік қызметкерлердің арасында шағын футболдан облыстық кезеңге іріктеу басталды.

IMG_5942

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев және аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG_5934

Жасыл алаңда Спорт мектебі, «Махамбет-1», аудандық Ішкі істер бөлімі, «Атырау-Жарық», Орман шаруашылығы, Төтенше жағдай бөлімі командалары бақ сынасуда.

IMG_5951

Жеңімпаз команда облыстық турнирге жолдама алады.

IMG_5969

IMG_5963

Диас НАУРЫЗАЛИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз