Махамбет ауданында пандемияға қарамастан, шаруа қожалықтарындағы​ жұмыстар іркіліссіз ​ жүруде (+ВИДЕО)

ATR.TV Агрокешен Аудан хабарлары Жаңалықтар

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта аудан халқын жергілікті қожалықтар малға қажетті шабындық шөппен толықтай​ қамтамасыз етіп отыр.​ Атырау қаласына іргелес орналасқан Махамбет ауданындағы үш шаруа қожалығы шабындық шөпті аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатуда.

Махамбет ауданында пандемияға қарамастан, шаруа қожалықтарындағы​ жұмыстар іркіліссіз ​ жүрудеҚазіргі уақытта аудан халқын жергілікті қожалықтар малға қажетті шабындық шөппен толықтай​ қамтамасыз етіп отыр.​ Атырау қаласына іргелес орналасқан Махамбет ауданындағы үш шаруа қожалығы шабындық шөпті аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатуда , – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.​ ​Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабековтың айтуынша, пандемиян кезінде шаруашылықтарда тұралау болмаған. ​«Махамбет ауданында үш шабындық алқабы бар. Соның ең байырғысы әрі көлемдісі –​ «1 мамыр» қожалығына қарасты ​ «Шодыр» шабындық алқабы. Жердің көлемі 923 гектарды құрайды. Жылына мың жарым тоннаның үстінде ірі сабақты мал азығы алынып, шаруа қожалықтың малдарына берілуде.Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ауданға қарасты «Жарасов», «Бейсәлиева Рауза» ​ шаруа қожалықтарынан қолжетімді бағада мал азығын сатып алып отыр. Шабындық алқаптарында негізінен Бейбарыс, Талдыкөл, Аққайың ауылдарының тұрғындары жұмыс жасайды- дейді Олжас Мырзабеков.Сонымен бірге, бүгінде Махамбет ауданындағы қожалықтарда өсірілген бау-бақша өнімдері жергілікті ​ және облыс тұтынушыларына қолжетімді ​ бағада жеткізіліп жатыр.Өнімдерін күніге Атырау қаласына жөнелтіп отырған шаруа қожалығының бірі – «Дебдиева З». Қожалық басшысы Магомед Магомедовтың сөзінше, егін шаруашылығында тамшылатып суару әдісі жолға қойылған. Жұмысқа өзге ұлт өкілдерімен қатар, жергілікті тұрғындар да тартылып отыр.«Егін шаруашылығымен 2013 жылдан бері айналысып келемін. Биыл 90 гектар жерге егін салдық. Оның ішінде, ​ картоп, пияз, сәбіз, капуста, қарбыз да бар», – дейді Магомед Магомедов.Еске сала кетелік, Махамбет ауданында жалпы шабындық көлемі 1420 га құрап отыр. Бүгінгі күні аудан бойынша 550 га жерге картоп, 795 га жерге көкөніс, 385 га жерге бақша өнімдері, 2300 га жерге мал азық ​ дақылдары егіліп жатыр.Қазіргі уақытта Махамбет ауданында егін шаруашылығымен айналысатын 102, мал шаруашылығымен шұғылданатын 120 ​ қожалық бар. ​***В Махамбетском районе, несмотря на пандемию, работы в крестьянских хозяйствах продолжаются⠀В настоящее время местные хозяйства обеспечивают население района сеном для крупного рогатого скота. Три крестьянских хозяйства Махамбетского района, прилегающие к территории города Атырау, продают сено по доступным ценам для жителей района, сообщает служба коммуникаций Атырауской области.⠀По словам руководителя отдела сельского хозяйства Махамбетского района Олжаса Мырзабекова, во время пандемии хозяйства не прекращали свою работу.⠀«В Махамбетском районе имеется три сенокосных поля. Самый большой из них- сенокосное поле "Шодыр", принадлежащее крестьянскому хозяйству "1 мая". Площадь земель составляет 923 га. В год изымается более полутора тысяч тонн грубых кормов и передается на корм для крупного рогатого скота крестьянских хозяйств. Также, жители села покупают корма по доступным ценам в крестьянских хозяйствах "Жарасов" и "Бейсалиева Рауза". Вработе на полях в основном задействованы жители сел Бейбарыс, Талдыколь, Аккайын», – говорит Олжас Мырзабеков.⠀Кроме того, на сегодня выращенные в хозяйствах Махамбетского района бахчевые культуры поставляются по доступным ценам местным жителям и населению области.⠀Одно из крестьянских хозяйств, которое каждый день направляет в город продукты – «Дебдиева 3». По словам главы хозяйства Магомеда Магомедова, в хозяйстве налажен метод капельного орошения. К работе привлекаются как представители других национальностей, так и местные жители."Я занимаюсь земледелием с 2013 года. В этом году мы засеяли 90 гектаров земли, картофелем, луком, морковью, капустой, арбузом», – говорит Магомед Магомедов.⠀Напомним, общая площадь сенокосных полей в Махамбетском районе составляет 1420 га. На сегодняшний день, по району на 550 га земли посеян картофель, на 795 га-овощи, на 385 га- бахчевы культуры и на 2300 га-кормовые культуры.В настоящее время в Махамбетском районе насчитывается 102 хозяйства, занимающихся растениеводством и 120 хозяйств, занимающихся животноводством.

Опубликовано Новости Атырау Воскресенье, 9 августа 2020 г.

Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабековтың айтуынша, пандемиян кезінде шаруашылықтарда тұралау болмаған. ​

«Махамбет ауданында үш шабындық алқабы бар. Соның ең байырғысы әрі көлемдісі –​ «1 мамыр» қожалығына қарасты ​ «Шодыр» шабындық алқабы. Жердің көлемі 923 гектарды құрайды. Жылына мың жарым тоннаның үстінде ірі сабақты мал азығы алынып, шаруа қожалықтың малдарына берілуде.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ауданға қарасты «Жарасов», «Бейсәлиева Рауза» ​ шаруа қожалықтарынан қолжетімді бағада мал азығын сатып алып отыр. Шабындық алқаптарында негізінен Бейбарыс, Талдыкөл, Аққайың ауылдарының тұрғындары жұмыс жасайды- дейді Олжас Мырзабеков.

Сонымен бірге, бүгінде Махамбет ауданындағы қожалықтарда өсірілген бау-бақша өнімдері жергілікті ​ және облыс тұтынушыларына қолжетімді ​ бағада жеткізіліп жатыр.

Өнімдерін күніге Атырау қаласына жөнелтіп отырған шаруа қожалығының бірі – «Дебдиева З». Қожалық басшысы Магомед Магомедовтың сөзінше, егін шаруашылығында тамшылатып суару әдісі жолға қойылған. Жұмысқа өзге ұлт өкілдерімен қатар, жергілікті тұрғындар да тартылып отыр.

«Егін шаруашылығымен 2013 жылдан бері айналысып келемін. Биыл 90 гектар жерге егін салдық. Оның ішінде, ​ картоп, пияз, сәбіз, капуста, қарбыз да бар», – дейді Магомед Магомедов.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданында жалпы шабындық көлемі 1420 га құрап отыр. Бүгінгі күні аудан бойынша 550 га жерге картоп, 795 га жерге көкөніс, 385 га жерге бақша өнімдері, 2300 га жерге мал азық ​ дақылдары егіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Махамбет ауданында егін шаруашылығымен айналысатын 102, мал шаруашылығымен шұғылданатын 120 ​ қожалық бар. ​

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған