Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

4814998 Білім

Atr.kz/26 тамыз, 2019 жыл. Биылғы магистратура гранты иегерлерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін орындаушы Дидар Смағұлов.

«Грантты компьютер бөледі, бірақ мұның маңызын түсіне отырып, әр тізімдемені қайта тексеріп шықтық, ал бұл – 12 000-нан астам жазба. Өйткені біздің орталық талапкерлердің құқығын бірінші орынға қояды», – деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында.

Атап өтсек, тестілеу нәтижесін Testcenter.kz сайты немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.

Ұлттық тестілеу орталығы өкілінің айтуынша, биыл 9 701 грант таратылды. Бірінші кезеңнен артылған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша үлестіріліпті. Ал 3 108 грант бюджетке қайтарылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз