Мақаттық спортшылар V Азия ойындарынан жүлдемен оралды (ФОТО)

20170926 160757 Жаңалықтар

Мақат ауданының спортшылары V Азия ойындарынан жүлдемен оралды. Олар Ашхабадта өткен байрақты бәсекеде муай-тай спортынан 2 күміс медальді қоржынға салды.

20170926_160757

19-27 қыркүйек аралығында Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында жекпе – жек спорт түрлерінен V Азия ойындары өткен болатын. Дүбірлі додаға Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғаған-ды.

20170926_160315

Осы жарыста жергілікті спортшылар Еламан Саясатов пен Әбіл Галиев күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Біріншілікте Еламан алғашқы жекпе-жегін Филиппин спортшысына, ал Әбіл Қырғызстан спортшысына қарсы өткізіп, жеңіске жетіп, финалға жолдама алған еді. Алайда олар ақтық сында тай елінің спортшыларына есе жіберіп алды.

20170926_160736

Дегенмен, жас спортшылардың талабы таудай, жігері мықты. Әлі талай бәсекелерде тұғырдың төрінен көрінетініне сенім білдіреміз.

Мөлдір ІЗТҰРҒАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз