Мақат ауданында «Атырау-Ақпараттың» кубогі үшін футболдан іріктеу кезеңі басталды (ФОТО)

IMG 4682 Жаңалықтар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін шағын футболдан өткізіліп жатқан аудандардағы іріктеу кезеңінің ойындары бүгін Мақат ауданында басталды.

IMG_4689

Еліміздің Әнұранына құрмет көрсетуден басталған турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ғұмаров пен «Мақат тынысы» газеінің бас редакторы Гүлзада Саликова сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG_4575

Облыстың барлық аудандарында дәстүрлі жалғасып келетін турнирдің мән-мазмұнын ұғындыру мақсатында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің дәлізінде «Мақат тынысы» газеті редакциясы ұжымы көрме ұйымдастырды. Көрмеде «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не қарасты басылымдар мен аудандық газет ұжымының тыныс-тіршілігінен көрініс табар фото-шежіре турнирді тамашалауға келген спорт сүйер көрерменнің назарына қойылды.

IMG_4560

Аудандық «Қазпошта» торабы қызметкерлері «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Мақат тынысы» газеттеріне жазылу жұмысын ұйымдастырып, турнир тамашалаушылар арасынан оқырмандарын толықтырды.

IMG_4694IMG_4721IMG_4728

IMG_4682

Турнирге аудан мекемелерінен 6 команда қатысып, бақ сынасуда. Алғашқы ойында «Аудан әкімдігі» мен «Қазақтелеком» құрама командаларының ойыншылары бақ сынасты. Ойыншылар ретімен жарыс додасында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, Білім беру бөлімінің, Доссор ішкі істер бөлімінің құрама командалары белсенділік танытып, жанкүйерлерінің делебесін қоздыруда.

IMG_4555

IMG_4599IMG_4627IMG_4626IMG_4661IMG_4616IMG_4618IMG_4594IMG_4647

Жеңімпаз атанған команда облыстық турнирге жолдама алады.

Лена НҰРБАЕВА

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз