Мәслихат сессиясында Тексеру комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді

WhatsApp Image 2018 11 15 at 13.02.52 5 Жаңалықтар

14 қараша күні Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Атырау облыстық тексеру комиссиясының жаңа мүшесі бекітіліп, лауазымға Гүлпан Қайрошева ұсынылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-11-15 at 13.02.52 (5)

Тексеру комиссиясының жаңа кандидаты Еуразия нарықтық институтын және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Есеп және аудит», «экономист», «заңгер» мамандықтары бойынша аяқтады. 2011 жылдан бастап Тексеру комиссияның бас маманы, бас инспектор-бақылаушы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап аудит және қаржылық бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Депутаттар мемлекеттік қаржылық бақылау саласында 25 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Гүлпан Мұхитқызының кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

Сонымен қатар, депутаттар облыстың бюджетін нақтылауды қарастырды. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиеваның айтуынша, басталған жобаларды аяқтау үшін қосымша қаржы ресурстарын бөлу туралы ақпарат ұсынылды. Жергілікті атқарушы органдар үшін басты басымдық әлеуметтік сала болып қала береді. Мектептердің, балабақшалардың, колледждердің, оқу орындарының жатақханаларының құрылысын аяқтау мақсатында 1,6 млрд. теңге бөлінеді.

Денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларына қосымша қаражат қарастырылған. Аудандарындың негізгі жоспарлары бойынша жұмысын жалғастыру үшін бюджетті нақтылау кезінде олар төтенше жағдайлар департаменті мен полицияның қажетті жұмысын қаржыландыруды қамтамасыз етті.

Қалалық көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл жоба МЖӘ шеңберінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Атырау қаласының 39 көшесінде жұмыс жүргізілді. Облыс орталығының тағы 189 көшесін жарықтандыру үшін қаражат бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Атырау-Индер және Атырау-Доссор жолдарын да жарықтандыратын болады. Жалпы ұзындығы – 349 км.

Сондай-ақ, депутаттар құрылыс саласының ардагері Ғаббас Хисметуллинге «Атырау облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысты қолдады.

Қорытындылай келе, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов халық өкілдеріне биліктің бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

– Бүгінгі сессияның барлық сұрақтары маңызды. Жұмысты жалғастыру үшін бюджеттен қосымша қаражат қажет. Бұл бізге аймақтың экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Негізгі міндет – бұл қаражаттарды уақытылы игеру және барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау. Өздеріңіз көріп отырғандай, облыстың тұрғындары үшін ең маңызды болып табылатын салаларға қосымша қаржы бөлеміз. Бұл халық, сіздің сайлаушыларыңыз, олардың қойған міндеттерін орындауға тиіспіз, – деп қорытындылады Серік Шапкенов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз