Мәскеудегі қызыл алаң – сарайшықтың көшірмесі

hqdefault Жаңалықтар

Молдаш БЕРДІМҰРАТОВ,

«Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мәдени

кешенінің директоры:

hqdefault

  • Сарайшықты 1580 жылы орыстың патшасы Иван Грозный казактарды жіберіп қираттырған. Қаланы басып алған казактар алғашқы әзірде  оны қиратуға қимайды. Бұны естіген Грозный қалаға өзі арнайы келіп, 12 күн болады. Кетерінде патша қаланың көркіне тамсанғанмен, «Мәскеуге ұқсайтын қала жер бетінде тұруға тиісті емес» деп қаланы тас-талқан етіп қиратуға бұйрық береді. Сөйтіп, бес ғасырға жуық уақыт өмір сүрген салтанатты Сарайшық жермен-жексен болады. Бір ғасырдан астам уақыт бойы тоналады. Грозныйдың қаланы бұлай қирату себебі – өзіне дейін билік құрған Юрий Долгорукий Мәскеудегі Қызыл алаңның келбетін Сарайшықтан көшірген. Ал, Кремльдің келбетін Алтын  Ордадан алған. Жұртшылықтың «Казанские, Успенские соборы» деп атап жүрген Кремльдің жан-жағындағы сәулетті соборлар — Қазан қаласының көшірмесі. Орыстардың «Москва построено по восточному стилю» деп сөйлейтіні де осыдан. Грозныйдың әуелі Қазанды, одан кейін Сарайшықты құлатып тынғандағы негізгі себебі – өздерінің осы «ұрлықтарын» жасырып қалу болатын.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз