МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ – МАҚАТЫМ

«Ынтымақ пен бірлік – Мәңгілік ел тұғыры» атты қала мен аудандардың мәдениет күндері фестивалі аясында өз өнерлерін көрсетуге кеше қалаға мақаттық көркемөнерпаздар келді.

Оларды қалаға кіреберісте фестивальді ұйымдастырушы облыстық әкімдік пен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және қала жұртшылығы өкілдері қарсы алды.

Фестивалға Мақат ауданынан барлығы 130-ға жуық өнерпаз қатысып отыр. Кеше кешкісін Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Қойнауы құт, жері дархан мұнайлы өлке – Мақатым» атты аудан көркемөнерпаздарының концерті көпшілікке ұсынылды.

 

(Фестиваль жөніндегі толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз