Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт»

жаналыктар Жаңалықтар

Атырауда өткен облыстық патриоттар форумы осы тақырыпқа арналды

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау мақсатында облыстық патриоттар форумы өтті.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%80

Бұл шараны «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы облыстық ішкі  саясат  басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Облыстық ішкі саясат бас-қармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев барша облыс жұртшылығын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін өңіріміздің түрлі саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды әр номинация бойынша марапаттау болды.

«Ерен еңбек жолы» номинациясы бойынша саналы ғұмырының 31 жылын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнаған, ұстаздар династиясын жалғастырушы Айман Есмұханова марапатталды.

Ұстаздық жолын Абай атындағы №27 орта мектепте тарих және құқық пәнінің мұғалімі болып бастаған ол 1996 жылдан бері ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда қызмет етіп келеді.  2000 жылдан оқу ісінің меңгерушісі. Көптеген оқушысы «Алтын белгі» және  «Үздік аттестатқа» ие болды. Соның ішінде, Нұржан Қамзаев пен Ақбөкен Сақтанов есімді шәкірттері ҰБТ қорытындысы  бойынша  ең  жоғары 125 ұпай иеленген.

Үкіметтік емес ұйым, саяси партиялардың белсенді көшбасшылары, азаматтық ұстанымы биік тұлғаларға та-бысталатын «Азаматтық асқақтық» номинациясына Исатай аудандық «Жас Ұлан» қоғамдық  бірлестігінің төрайымы, аудандық деңгейдегі барлық шаралардың ұйымдастырушысы, көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған, жастар мен жасөспірімдерді азаматтыққа тәрбиелеуде зор үлес қосып жүрген Гүлшат Хисметуллина лайық деп танылды.

Мың бұралған биімен көрерменнің жүрегінен орын алған, бар ғұмырын өнерді дамытуға арнаған Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Талпақова «Ұрпаққа ұлағат» номинациясымен марапатталу үшін сахнаға шақырылды.

Ширек ғасырдан астам өңір жаңалықтарын баспасөзде насихаттау қызметінде еңбек еткен журналистерге арналған  «Ұшқыр қалам» аталымы қы-зылқоғалық ардагер журналист Жолдас Жанқуатовқа бұйырды.

«Табиғат жанашыры» номинациясы азаматтық ұстанымы биік тұлғалардың бірегейі Ақан Қабдешовке  табыс етілді.

Соңғы сегіз жыл бойы облыстық адвокаттар алқасының Жылыой ауданы бойынша адвокаты болып қызмет атқарып келетін ол 1999 жылдан бастап сүйікті ісі тал егумен айналыса бастаған. Қолы бос уақытта Құлсары қаласын көгалдандыруға, елінің, жерінің қоршаған ортасын көркейтуге өз үлесін қосуда.

Туған жерінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына бағытталған патриоттық, азаматтық бастамаларды көтеріп, оларға жастарды жұмылдырып жүрген жас Ержан Нұрединовке  «Жастық жігер» номинациясы тапсырылды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жоғары білім алған талапты да талантты, жасынан ғылымға құштар Ержан жаңа типтегі гибридті қуат құрылғысын ойлап тауып, патенттеген. Өзінің бұл жаңа жобасын Атырау қаласында өткен халықаралық бизнес форумда таныстырып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Отбасында үш бала тәрбиелей жүріп, мемлекеттік қызметте 26 жылға жуық еңбек еткен  қаржы саласының белді маманы, Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Сарбалиева «Мемлекеттік қызмет сапында» аталымымен марапатталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз