Ұлттық ұландықтар өртенген үйден әйел адамды құтқарды

20190414221105 Жаңалықтар

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл.  Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өртенген үйден әйел адамды құтқарды.

«Атырауда Ұлттық ұланның әскери бөлім қызметшілері «Бекіре» жедел-алдын алу операциясына қатысуда. Шолғындау барысында олар Водников ауылындағы үйдің бірінен түтін шығып жатқанын байқайды. Әкбарәлі Ахмадәлиев, Мәди Битоханов пен Аманжол Ермахан шұғыл қимылдап, өртенген үйден әйел адамды сыртқа шығарды.

Бұдан кейін үйдің ішінен құнды заттар мен мүліктерді қауіпсіз жерге шығарды. Осыдан кейін ғана өрт сөндірушілер келіп, жалынды сөндіре бастады. Ұландықтардың қырағылығының арқасында өрттен ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда», – деді Ұлттық ұланға қарасты Батыс өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз