Құлсарыдағы кезекті төбелес адам өлімімен аяқталды

i 9 Жаңалықтар

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жылыой ауданындағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша төрт адам сотталды.

i

Бұл туралы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі редакциямызға хабарлады.

Басты сот талқылауы барысында анықталғандай, Атырау облысының Жылыой ауданында, өзінің танысына бара жатқан сотталушы К. жолда жәбірленуші М.-ді кездестірген, олар бір-бірімен сәлемдеспеулеріне байланысты сөзге келісе алмай қалған, жәбірленуші М. сотталушы К-ні ұрмақшы болған. Осыдан соң, К. болған келіспеушілікті себеп кылып, үйінен мылтықты алып шығып, достары Д., С., Р-ді шақырып, жәбірленуші М-ді Жаңа-Қаратон поселкесінің шетіндегі ашық алаңға шақырған. Өзімен бірге досы Б.-ні алып шыққан жәбірленуші М. сол жерге келіп, сотталғандарға қарай қарсы бара жатқан кезде сотталған К. мылтықты жәбірленушілерге бағыттап, қасақана бірнеше рет атады. Жәбірленуші М. оқиға болған жерде қаза болады, ал жәбірленуші Б. көліктің артына тығылып үлгергеннен оның денсаулығына жеңіл дәрежелі жарақаттар келген. Кейін сотталғандар оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттері сот тергеуінде зерттелген дәлелдемелермен, куәлардың жауаптарымен дәлелін тауыпты.

Сотталушы К. сот үкімімен ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағымен (адам өлтіруге оқталу), 287-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау) кінәлі деп танылып, оған 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелері (қатаң режимі) белгіленді. Ал Д.,С.,Р. ҚК-нің 434-бабымен (аса ауыр қылмысты жасыру) кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз