Құлсарыда «Домбырарarty» дәстүрге айналды

1458565204 dombyra Жаңалықтар

Жылыойлық бір топ өнерлі жас қазақтың қара домбырасы әуенімен Құлсары қаласының «Жеңіс» саябағында демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, төңіректі күй күмбіріне бөледі.

1458565204_dombyra

Олардың өнерін тамашалаушылар қатары көбеймесе, азаяр емес. Әр аптаның сенбісінде аудандық мәдениет үйі мен жастар ресурстық орталығы «Домбырарarty» думанды кешін өткізуді әдетке айналдырды. Қос ішекті домбыра құлағында ойнап, ән-терме айтуға икемі бар жігіттер мен қыздардың өнеріне көпшілік қошемет білдіруде. Ал, мәдени шараны ұйымдастырушылар думанды кештің көрігін қыздырғандарға алғыс хат пен сыйлықтар ұсынады.

«Атырау-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз