Курилкино ауылында жас жігітті пышақтап тастаған күдікті ұсталды

1 3 Жаңалықтар

Атыраудағы Курилкино ауылында жас жігітті пышақтап тастаған күдікті ұсталды.

1

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қаңтар күні, сағат 11:51-де тіркелген. Облыстық ауруханаға жеткізілген 1990 жылы туған азаматтың саны мен құйрығына пышақпен жарақат салынған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер, күдіктінің жеке басын нақтылайтын айғақ заттар тәркілеген. Нәтижесінде, қылмыстық әрекет жасаған 1985 жылы туған азамат екені анықталды.

Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 293-інші бабы, 3-інші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Айдос Қарабала

Фото sputniknews.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз