Күре жолда қауіп көп

ekenkenknkenknknk Жаңалықтар

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Соңғы жылдары облыстағы жол құрылысының қарқынды қолға алынғанына куәміз. Әсіресе, «Нұрсая» ықшамауданындағы тақтайдай тегіс жолдар қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз. Алайда, күні кеше пайдалануға берілген Р.Ғабдиев көшесіндегі жолдың «жамалып» жатқанын көргенде көңіліміз құлазып қалды. Қазына қаражатына жөнделген жолдың сапасы неге сын көтермейді? Құрылыс материалдары са­пасыз ба, әлде мердігерлер өз жұмысына жауапсыз қарай ма? Оларды кім бақылайды?

 Деректерге сүйенсек, облыста жыл ба­сынан бері республикалық маңызы бар автожолдарда 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 19 адам қаза тауып, 29 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев мұның б і р с е б е б і н т а с жо л д а р енінің тарлығымен

Осы орайда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сапалы жол» жо­басы аясында Жаңаталап ауылындағы Смағұлов көшесіне жаңадан төселген жолдың сапасына мониторинг жүргізді.

«Атырауинжстрой» ЖШС салған жолдан алынған керн кескіндерінің құрамы зертханадан өткізіліп, 10 күн ішінде қорытындысы дайында­латынын ескертті. Нәтижесін білмек болып жолдың сапасын тексеретін мекеме – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау облыстық филиа лының директоры Бекбол Мұқашевке жолықтық.

– Зертханалық текс еру бары­сында жол құрылысына қандай ма­териал қолданылғаны белгілі бо­лады. Сондай-ақ, жол бойындағы белгілер мен түн мезгілінде жарқырап көрінетін таңба, жолақтардың да сапа­сын бақылауда ұстаймыз. Талапқа сай болмаса жауапты мекемелерге және мердігерлерге кемшіліктерді көрсетіп хат жолдаймыз. Бізге облыстық және аудандық маңызға ие жолдардың са­пасын қадағалау міндеттелген. Ал, жұмыстарды қаржыландыру тап­сырыс берушінің, яғни, жергілікті атқарушы органдардың есебінен, – деді Б.Мұқашев.

Оның айтуынша, мердігер мекеме­лер жол құрылысында сапасыз матери­алдарды қолданады. Ал, Құрманғазы көшесіндегі тасжолды зерттеу бары­сында, жаңа төсем тазартылмаған ескі төсемнің үстіне салынғаны анықталды. Жалпы, жұмыс ҚР ГОСТ 1225-2019 стандартына сәйкес келмейді деген қорытынды жасалды.

Сондай-ақ, тексеру қорытындысы көрсеткендей, Бейбарыс даңғылындағы а с ф а л ьт бе то н д ы т ө с еу ке з і н д е т ы ғ ы з д ау м е н т е м п е р ат у р а л ы қ режим сақталмаған. Жоғарыда айтқан Р.Ғабдиев көше сіндегі жолда да кемшіліктер анықталып, қалыпқа келтіруге ұсыным берілді.

«Адалдық алаңы» мен жол са­пасын тексерушілер Атырау-Индер тасжолының 36 шақырымын тексеріп, жолдың екі жағындағы плиталардың отырғандығын және жолақ белгілерінің жоқ екенін анықтады. Оған қоса тасжолдың екі жағында қаптап өскен шөп көлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына себеп болды. Құрылыс- м о н т а ж ж ұ м ы с т а р ы н ж ү р г і з ге н «Атырауинжстрой» ЖШС ұзындығы 170 шақырымды құрайтын тасжол­ды 2015 жылдың 20 қарашасында тапсырған. Бұл жолда тығыз инженерлік құрылым бар және автокөліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады. Сол себепті жолда болуы мүмкін келеңсіздіктерді ескеріп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына пайда болған ойықты халықаралық т а л а п т а р ғ а с а й б е к і т у жұмыст арын шұғыл арада жүргізуге ұсыныс берілді.

Жа л п ы , жол д а ғ ы а қ ау анықталған жағдайда мердігер мекеме екі жыл ішінде өздерінің кепілдіктері бой­ынша жөндейді.

– Кемшіліктердің ал­дын алу үшін қазір жол сапасын бақылаудың бес сатылы жүйесі енгізілуде. О бл ы с аум а ғ ы н д а ғ ы ре спубликалық және облыстық маңызға ие жолдардың сапасын бақылау мақсатында т ұ р а қ т ы т е кс е ру ­ге шығатын маман­дар тек сынама алу­мен ғана шектеліп қалмай, жолдың геометриялық өлшемдерінің талапқа сай бо­л у ы н , н о р – мативтік және техникалық талаптардың сақталуын да қадағалайды. Осы тексеру- лердің қоры- тындысы бойынша мердігер компания аз уақытта кемшілікті жойды. Қазір 2005 жылы пайдалануға берілген Атырау-Орал трассасының жобалау жұмыстары ба­сталды, – деп түсіндірді жұмыс барысын Бекбол Ерболұлы.

Мамандардың айтуынша, жолдың сапасына көліктің салмағы тікелей ықпал етеді. Бекітілген ереже бойынша салмағы 10-13 тоннадан асатын көліктер жолдың құрылымын бұзады. Ал, қазір біздің жолдардағы жағдай қандай? Атырау-Индер жолымен қиыршық құм тасыған 25 тоннадан асатын жүк көліктері еркін жүріп жатыр. Соның кесірінен жолдың кепілді қызмет ету уақыты қысқарып, сапасы төмендейді. Бұған тыйым салу көліктік бақылау инспекциясының құзырында.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларына жол сапасының әсер ететіні дәлелденген. Дамыған мемлекеттер 1960-жылдардан бері жолдың сапасын жақсарту арқылы апат санын айтарлықтай азайтты. байланыстырады.

– Адам өліміне соқтырған әрбір үшінші жағдай қарсы қозғалыс жолағына шығу салдарынан болады. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар жол­дар III-IV санатқа жатады, яғни ені 6-7 метр. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау- Орал, Атырау-Аққыстау, Атырау- Доссор, Доссор-Құлсары-Бейнеу ав­тожолдарын 15 метрге дейін кеңейтуді ұсынамын, – деді ол ведомствоаралық комиссия отырысында.

Қ.Үмбетқалиевтің айтуынша, бұл жолдарды кейіннен I санатқа ауысты­ра отырып, ортасын бетон жолағымен бөліп, төрт жолақты қозғалысты қамтамасыз етуге болады. Осы арқылы басып озу кезінде болатын жол апатта­рын азайтуға мүмкіндік туады. Сондай- ақ, ол Махамбет-Х.Ерғалиев және Құлсары-Мұқыр автожолдарын қайта жаңартуды, жол төсемінің енін кемінде 8 метр етіп, II санатқа ауыстыруды ұсынды.

Бұл ұсыныспен «Жол активтерінің ұлттық с апа орт алығы» Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашев та келісетінін айтады.

– Әрине, транзиттік жолдағы көлік нөпіріне байланысты 4 жолақты жол салу дұрыс шешім. Меніңше, жол бойындағы оқиғаға негізгі себеп – жүргізушілердің жол ережесін ескермеуі, жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығып кету, ережені сақтамауынан. Ереже бойынша әр жүргізуші өз жолымен жүретіндей көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру керек, – деді жол сапасын тексеруші маман.

 P.S.

Алдағы қуанышты қауышулар туралы тәтті қиялға беріліп сапарға шыққан жолаушылар күре жолдың бойында күтпеген жерден жазым бо­лып, өмірмен қоштасулары да мүмкін екендігін ойлап та үлгермейді. Ал, темір тұлпарына сенген жүргізуші жанұшырып, жылдамдықты үдете түседі. Күре жол бойы қайнаған тіршілік, сан алуан тағдырлар тоғысы. Онда қауіп те, қатер де бар. Сондықтан жолда абай болған абзал.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз