Құлсарыда кім мықты? (+ФОТО)

59701143 679308705837132 2305001547810996224 o Жаңалықтар

Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында күштік экстримнен «Құлсары кубогі – 2019» ашық турнир өтті.

Жылыой ауданы Құлсары қаласында өткен жарысқа 12 спортшы қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

60044915 679308652503804 7519727869681991680 o

Шара экстрималды спорт түрлері бойынша Батыс Қазақсатандық бодибилдинг, фитнес және күш қолданатын спорт түрлері федерациясы мен Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

– Күштік экстрим бойынша ашық турнир ауданымызда алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Спорттық шара жастар жылы аясында өткізілуде. Басты мақсаты – жастарға әр түрлі спорт түрлерін тасныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Алдағы уақытта осындай спорттық жарыстар жалғасын табатын болады,- дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Фарида Ахметова.

59536206 679308709170465 505943475271761920 o

Қатысушылар күштік экстримнің 4 кезеңі бойынша сынға түсті.

– Бұл спорт түрі ең мықтыларға арналған. Әр белесті бағындырып, мақсатыңа жеткен сайын өмірге деген құлшынысың арта түседі. Жастарға айтарым, уақытты босқа өткізбей, тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысыңыздар,- дейді спортшы Бекарыс Ахетов.

59360600 679308639170472 8912035891996786688 o

Сондай-ақ, «Құлсары кубогі – 2019» атауымен алғаш өткізіліп тұрған күштік экстримнен Құлсары қаласының тұрғындарыда тыс қалмай, өздерінің бағын сынады. Шара соңында аудан әкімі Азамат Бекет күштік экстрим бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс білдіріп, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды дипломдармен марапаттады.

Айта кетейік, жарыс жеңімпазы паурлифтинг,стронгмен және жатып сығымдау бойынша әлем чемпионы атыраулық Эдуард Қабдешов атанды.

59609424 679308722503797 8666300089775423488 o
59526517 679308642503805 8378350707564085248 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз