Көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі артуда: Қазақстан «екінші толқынға» дайындалуда

0 17 COVID-19: Соңғы поштадан...

atr.kz/15 қыркүйек, 2020 жыл. Көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі артып жатыр. Әсіресе, Еуропа аймағында және ТМД елдерінде науқастардың саны көбейіп келеді, деді министр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі көтеріліп жатыр. Әсіресе, Еуропа аймағында және ТМД елдерінде науқастардың саны көбейіп келеді. Бізде жағдай тұрақты. Соған қарамастан, төсек орындарын жасақтап, дәрі-дәрмекті алып жатырмыз. Бетперде және басқа да жеке қорғаныс құралдары бар. Бұның бәрі қорда жинақталып тұруы қажет. Біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, оның болмағаны жақсы», – деді Цой журналистерге берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, екінші толқынның алдын алу үшін бетперде тағу мен арақашықтықты сақтау маңызды. Себебі бетперде вирусты жұқтыру қаупін 30 процентке азайтса, арақашық сақтаудың арқасында осы көрсеткішті тағы 40 процентке төмендетуге болады. 

«Өкінішке қарай, адамдар қоғамдық жерлерде, әсіресе, халық көп жиналатын орындарды маска тақпай жүреді. Осы талаптарды сақтау қажет. Себебі коронавирустың екінші толқыны бола ма, жоқ па, бұның барлығы өзімізге байланысты. Әрбіреуіміз алдағы жағдайға әсер ете аламыз», – деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласы екінші толқынға дайындық шараларын қамтамасыз етіп, түсіндіру жұмыстарын атқара алады. Қалғаны халыққа байланысты. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз