Коронавирус табылған аймақтарға қосылған Ақтөбенің әкімі халықты сабырға шақырды

200322214025799a3628443i Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Сағат 20-30-дағы жағдай бойынша таратқан мәліметтеріне қарағанда, коронавирус жұқтырған азамат Ақтөбе облысының тұрғыны.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлап отыр. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішевтің айтуынша, ақпарат таратқанда тек ресми мәліметтерге жүгінген жөн.

«Иә, індет жұқтырған бір адам анықталғаны рас. Бірақ өңірдегі барлық жағдай толық бақылауда. Науқас карантинде. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қалған мәліметтерді ертең таңертеңгі брифингте хабарлаймыз», – деп жазды Ғани Өтепбайұлы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, ертеңгі брифинг жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00 де өтеді. Облыстық әкімдік парақшасынан бөлек Хабар 24 телеарнасынан да тікелей эфирде көрсетіледі.

«Дүрбелеңге салып, жағдайды ушықтырмаңыздар. Жалған ақпарат таратқан адамдарға жаза қолданылатынын ұмытпайық», – деп ескертеді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Ал, Алматыда осындай тағы бір жағдай тіркелді. Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстанда 59 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauғa-birikken-arab-әmirlikterinen-126-turist-keldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз