Кореяға жұмысқа тұру үшін барған жүзге жуық адам оңбай алданып қалды

Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға барып, 2500 долларлық жалақыға жұмысқа тұрамыз деп жүзге жуық отандасымыз алданып қалды деп хабарлайды 31 арна.

pogudx3c067lnrtfjg.4d97d24d

Олар «Алаяқтар жазалансын» деп, енді бірнеше күннен бері Алматыдағы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімін айналшықтап жүр.

Себебі, жұмысқа орналастырамын деген азаматты полицейлер ұстапты. Полицияға келгендердің арасында Кореяға ұшып барып, құжаттары дұрыс болмай 5 күн бойы жертөледе жатқандар да бар.

Жүзін жасыруды өтінген азамат тұрақты жұмысын тастап, Кореяға кеткен. Алаяқтарға алданғанын кеш түсінген ол полиция бөлімшесіне арыз жазуға келіпті.

«Бес күн подвалда жаттық. Бес күннен кейін бәрін ақшаға өзіміз сатып алдық. Обратно билетті. Бірақ ол жерде ешқандай виза, приглашение жоқ. Өз қолыммен 500 мың теңге, 1500 доллар бердім», – дейді ол.

Жоғары жалақылы жұмысқа алданған 85 адамның бесеуі Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына алғашқы кезекпен ұшып кеткен. 5 күн бойы жертөледе болған олардың үшеуі өз қалталарынан 136 мың теңгеге билет сатып алып Қазақстанға келді. Ал қалған 2 адам бүгін ұшып келуі тиіс.

Сан соғып қалғандардың көбі алаяқ фирмаға берген 500 мың теңгені қарызға алған, малын сатқан, тіпті, кейбірі астындағы көлігін сатқан. Қазақстанның әр аймағынан жиналған 85 адам берген ақшаларын уайымдайды.

Ал тұтқындалған Алексей Сурженкоға қатысты екі айға қамау туралы сот шешімі шыққан. Алайда жәбірленушілер оны босатып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз