Конфедерация кубогында жерлестеріміздің бағы жанды (+ФОТО)

IMG 20181029 WA0031 Жаңалықтар

Атырауда Конфедерация кубогының «С» тобындағы іріктеу сайыстары өтті. Бұл топта Атыраудан бөлек Алматы қаласы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан да спортшылар сынға түскен болатын.

Таеквондо, еркін және грек-рим күрестерінен Алматы қаласының командасына тең келер ешкім болмады. Есесіне намысқа тырысқан жарыс қожайындары, яғни, атыраулық дзюдошылар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмастан келесі кезеңге жолдама алды.

Атыраулық дзюдошылар былтыр да Конфедерация кубогының жартылай финалына жолдама алып, облыс тарихында алғаш рет қола жүлдегер атанған болатын. Рашид Кулбаев пен Мейіржан Есмағамбетов баптайтын облыс құрамасы бұл нәтижелерін жақсарта түсуге барын салатынын айтты.

Айта кету керек, топтан үздік шыққан командалар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін жартылай финалдық кездесулерге жолдама алды. Конфедерация кубогы – 2016 жылдан бастап спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған командалық жарыс. Онда бокс, дзюдо, таеквондо, еркін, грек-рим және қазақ күресінен жарыстар өтеді. Жалпы жүлде қоры – 145 миллион теңге.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

IMG-20181029-WA0038

IMG-20181029-WA0046

IMG-20181029-WA0042

IMG-20181029-WA0045

IMG-20181029-WA0031

IMG-20181029-WA0032

IMG-20181029-WA0039

IMG-20181029-WA0034

IMG-20181029-WA0029

IMG-20181029-WA0035

IMG-20181029-WA0036

IMG-20181029-WA0033

IMG-20181029-WA0043

IMG-20181029-WA0044

IMG-20181029-WA0040

IMG-20181029-WA0041

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз