КОМСОМОЛДАР ФЛЕШМОБЫ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалы комсомол жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен флэшмоб өткізді. Оған елуге жуық комсомол жастары қатысты.

ҚКХП Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интернаты алаңында өткен флэшмоб «Зейнеткерлік жасын емес, өмір сүру деңгейін көтерейік!» деген тақырыпқа арналған. Шара барысында комсомолдар көңілді әуенге би билеп, шарларды ұшыру, плакаттарға жазылған пікірлер арқылы зейнеткерлікке 63 жастан бастап шығуды қолдамайтындықтарын көрсеткен.
«Флэшмобты өткізу идеясының авторы – ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев. Шара кездейсоқ көрермендерге арналып, олардың ынтасын туғызуға арналды» деп келтіріледі баспасөз баянында.

Б.АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз