Кірпіш пен балшық жемесе тұра алмайтын жігіт жұртты таң қалдырды (фото, видео)

Жаңалықтар

30 жастағы үндістандық Паккираппа Хунагундидің ерекше әуестігі – кәдімгі кірпішті азық етуі. Ер адам азық деуге келмейтін кірпішті 10 жасынан бастап жей бастаған деп хабарлайды billionnews.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

pogudx5lk67f9nj6q.f2dbd56f

20 жыл ішінде ол күн сайын 3 келі кірпіш, оның ішінде тастар мен балшықты тағам ретінде пайдаланып келеді.

Паккираппа кәдімгі тасты, оның ішінде кірпіш пен кепкен балшықты кеміріп, мүжігенді ұнатады. Ол Пика деп аталатын ауруға шалдыққан, бұл ауру жеу мүмкін емес заттар – мұз, балшық, бор, құм сияқты заттарға әуес болумен сипатталады.

pogudx2qpgvov45ca.316c380f

Оның отбасы бұл әдетінен қалай арылтатынын білмей бастары қатуда, ол болса бұл қажетіне қарсы тұра алар емес.

Қазір Паккираппа тісіне еш зақым келтірмей, кірпіш жеу қасиетін көрсетіп табыс табуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз