Үкімет қаулысымен 2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

1 1 Жаңалықтар

Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды,-деп хабарлайды 7kun.kz.

1

Қазақстандықтар 2018 жылдың 3 наурызында жұмыс істеп, сол күннің орнына 9 наурызда демалысқа шығады. Сондай-ақ 28 сәуір, яғни сенбі күні жұмыс істеп, оның орнына 30 сәуір, дүйсенбі күні демалады.

Орындары ауыстырылған демалыс күндерінің тізімі:

3 наурыздан 9 наурыз жұмаға;

28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге;

5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге;

25 тамыздан 31 тамыз жұмаға;

29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.

Қазақстан республикасының Еңбек кодексінің 85-інші бабының 3-інші тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз