Киелі жердің иесі – біз!

Ислам қажы МЫРЗАБЕКҰЛЫ Жаңалықтар

Ислам қажы МЫРЗАБЕКҰЛЫ,

Ақмешіттегі «Бекет ата» мешітінің имамы

Ислам қажы МЫРЗАБЕКҰЛЫ

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, рухани  ләззат пен күш-қуат алғандай болдым.  Өйткені, Мемлекет басшысы ХХI ғасырдағы ұлттық сана  мен таяу жылдардағы басты міндеттер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары жобасын ұсынды. «Біз – ұлан-ғайыр жер мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген» дей келе, Отанымыздың киелі де қасиетті жерлерін, тарихи орындарын, ежелгі ескерткіштері мен қорымдарды ұлтымыздың жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды міндеттеді. Мақалада  Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуіне енген орын – Бекет ата кесенесі де айтылады.

Өткенді білмей – жаңа тарихымызды жасау мүмкін емес. Өңіріміздегі тарихи орындардың санатында ХІХ ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жерасты мешіті де бар. Бекет атаның  ата-аналары жатқан жер, яғни Ақмешітке келіп, тарихи кесенені тамашалаушылар қатары жыл сайын көбеюде. Еліміздің әр түкпірінен келетін меймандарды айтпағанда, Ресейдің Омбы, Астрахан, Волгоград облыстарынан, Қалмақ, Қарақалпақ, Өзбекстан елдерінен келетін қандастарымыздан бөлек, өзге ұлт өкілдерінен құралған туристік топтар да қызығушылық танытып жатады. Мұның өзі жерімізді, ұлтымызды, тарихымызды танытуға  ықпал  етер  жайт екені  даусыз.

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз