Кезектен тыс аттестация қызметкерлердің біліктілігін анықтады

c6bf1f727cef7fafe050b176ee516f20 L Жаңалықтар

Облыстық ішкі істер органдарында «Б» корпусына жататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді кезектен тыс аттестациялаудың үшінші кезеңі өтті. Аттестаттау комиссиясының құрамында ІІД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері, департаменттің өзіндік қауіпсіздік, кадр жұмысы, тағы басқа басқармалар мен мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшылары болды. Сауалдардың басым бөлігі қызметкерлердің атқаратын лауазымдық міндеттеріне  қатысты қойылды.

c6bf1f727cef7fafe050b176ee516f20_L

ІІД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі, қазіргі заманғы Каспий өңірі колледжінің директоры Болат Рысқалиев «аттестациялаудан өткен ІІД қызметкерлері өз салалары бойынша қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап бере отырып, өз іскерлік қабілеттерін, жауапкершіліктерін көрсете білді»  деп өз пікірін білдірді.

Аттестациялаудан өткен қызметшілердің бірі департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Гүлбағида Қошанова «Кезектен тыс аттестациялау жоғары жауапкершілікті талап етеді. Біздерге департамент басшылығы алдын-ала аттестациялаудан өткізудің талаптары мен тәртібін түсіндірді. Дайындық барысында өзімнің атқаратын қызметім бойынша білімімді қайтадан толықтырдым» деп өз ойымен бөлісті.

Аттестация кезінде комиссия мүшелерінен әрбір қызметшіге бес сұрақтан қойылды. Оның үшеуі бағдарлы, ал екі сұрақ қызметшілердің атқаратын лауазымдық міндеттеріне байланысты болды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысына департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сұлтан Молдашев төрағалық етті. Сынақтан өткен ішкі істер органдарының мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы өздерінің кәсіби сауаттылықтарын, іскерлік қабілеттерін көрсете білді.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз