КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ КЕПІЛ

Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы бастамасын Елбасымыз жан-жақты талдап, толық қолдады.

Парламент мүшелерінің өздері айтқанындай, олар тарихи миссияларын орындады. Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы тұратын тұтас заңнамалық құжаттар қабылданды. Президент ұсынған бес реформа бойынша «Жол карталары» өмірге келді.

Мемлекет басшысының Үндеуінде айтылғанындай, бүгінде халықаралық жағдай өте күрделі. Дүние жүзі экономикалық қана емес, одан да күрделі жанжалдардың алдында тұр.   

Жалпы, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар ара-тұра жаңарып тұруы қажет. Мұны Парламентке қатысты да айтуға болады. Қайткенде де, жаңа леп, тың күш керек. Ол саяси сахнаға соны серпін әкеледі. Елбасымыздың әркез жастардың белсенділігін қолдап, оларды өкілетті және атқарушы органдарға көбірек тарту қажеттігін ұдайы айтып жүргені де сондықтан. Жастарға да жеткілікті сенім артып, үлкен шаруаны тапсырған дұрыс.

 Юрий ҚУСТАДИНЧЕВ, облыстық мәслихат депутаты, Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз