Келесі жылдан бастап сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды

Brh7JmEY Жаңалықтар

Елімізде келесі жылдан бастап сақтандыру полисін электронды форматта рәсімдеуге болады. Мәселен, енді көлік иесінің сақтандыру шартының бар-жоғы бірыңғай базадан көрінбек. Осылайша, жүргізушілер әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисінің қағазын көрсетуге міндеттелмейді.

808a4781cc0f5987403cccdae3ffcc1c_M

Ұлттық банк хабарлағандай, сақтандыру ұйымдарының тұтынушылары міндетті және ерікті сақтандыру шартын электронды түрде ресімдей алады. Осылайша, қағаз күйдегі құжаттың қажеті болмайды. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, келер жылдан бастап қағаз түріндегі сақтандыру полисінің жоқтығы үшін бес айлық есептік көрсеткіш (биылғы ахуал бойынша 12 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынбайды. Бұл өз кезегінде халық пен бизнес үшін сақтандыру бағасын арзандатып, төлем алуды жеделдетпек.

Қазір көлік иесінің өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе оның орнына көлікті басқару құқығына уақытша куәлiгi, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары  болуы тиіс. Бұл Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 612-бабында көрсетілген. Ал, аталған баптың 1-бөліміндегі бірінші абзацта көрсетілген сақтандыру полисі туралы норма алынып тасталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз