Келелі ойлар өрісі

Келелі ойлар өрісі Жаңалықтар

Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Орыс тілді ортада мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%be%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d3%a9%d1%80%d1%96%d1%81%d1%96

Орыс тілді ортада мемлекеттік тілді дамытудың көкейкесті мәселелерін анықтауды және мемлекеттік тілді меңгеру сапасы мен ауқымын кеңейту жөніндегі пікірлерді жинақтауды көздеген бұл шараға Атырау облыстық Тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғабдыбек Хабиров, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тамара Аман-Турлина, Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар қанатының төрағасы Юрий Кустадинчев және Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шарада сөйлеушілер мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы қолданылу деңгейіне тоқталып, оның одан әрі ауқымын кеңейту мәселелері жайлы ұсыныстар айтты. Юрий Кустадинчевтің «Үш тілді мамандардың әлеуеті» және каратэден спорт шебері Андрей Котовтың «Мен қалай мемлекеттік тілді үйрендім?» тақырыбындағы баяндамалары өмірден алынған қызықты деректерге толы болды.

Мемлекеттік тілді үйрету мақсатында қазақ тілі клубтарын ашу туралы ұсыныстар түсті. Қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеруге ынтасы зор екені сүйсіндірді.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз