Қазақстанда саяси тұрақтылық, экономикалық өсім мен оң ахуал қалыптасты

32155 6 t uels z aza stan kesh ru Жаңалықтар

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Президенттің өзі атап өткеніндей, тек демократия талаптарына сай келетін, әділ әрі ашық сайлау ғана әрбір қазақстандықтың өз таңдауын қатесіз жасап, елі сенім білдірген адамның ғана Мемлекет басшылығына сайлануына кепілдік берері кәміл.

Бұл туралы Atr.kz-ге берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев айтты.

«Елбасының өзі Төрағасы болып табылатын, қай кезде де елді ертеңгі биік межелер мен асқаралы асуларға бастайтын көшбасшы саяси ұйым – «Нұр Отан» партиясының республикамызда жүргізіліп жатқан саясат пен уақытпен үндесе қабылдану үстіндегі шешімдерді толығымен мақұлдап, қолдайтындығына және де іске асуына белсенді атсалысатынына сенімдімін.

Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі айтып кеткеніндей, мемлекеттік билік тізгінінің бейбіт түрде екінші қолға беріліп, Мемлекет басшылығының алмасуы тереңнен ойластырылыған,  жеті рет өлшеп, бір рет пішілген.

Бұл ретте, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемен елімізді, тәуелсіз мемлекетімізді басқарған отыз жылға жуық уақыт ішінде ең бірінші кезекте ел бірлігін сақтауға басты бағыт ұсталғанына, Қазақстанда саяси тұрақтылық, экономикалық өсім мен оң ахуал қалыптасқанына бәріміз де куәміз, нәтижесін де көріп отырмыз. Осынау игілікті үрдістің келешекте де жүйелі жалғасатынына күмән жоқ. Біздің ең жоғары жетістігіміз де, жеңісіміз де сол болса керек» деді спикер.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз