Қазақстанда мұнай-газ саласының қызметкерлеріне арналған «қорғаныш капюшоны» шығарыла бастады (+ВИДЕО)

full 22 Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  «Бұл мұнай-газ кәсіпорындарының жұмысшыларына арналған тыныс алу апараттары» деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Түрлі улы газдан қорғайды. Зауыт елордада «Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының базасында ашылды.  Мұнай-газ саласында қателіктерге жол жоқ. Дегенмен төтенше жағдай болып, өнеркәсіп алаңында күкіртсутек ауаға тарап адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Бірақ енді газдан қорғайтын арнайы «қорғаныш капюшоны» бар.»Made in KZ» маркалы өнім Қарашығанақ пен Теңізде қолданылатын болады.

Әлібек ЖАНЫБЕКОВ,

«QHSE-AKBARYS» ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Күкіртсутегі жоғары кен орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан біз осы шахталық өзін-өзі құтқарғышты жасап шығаруға шешім қабылдадық. «Ақбарыс» зауытында респираторлық капюшон немесе басқа арналған қорғаныш маскасын британдық технологиялар Avon Protection жүйесімен өндіреді. Кәсіпорын аппараттың алғашқы 8 мыңын «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» жөнелтеді.

Марат КАРИМОВ,

«ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б. В.» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз әріптестеріміздің Теңізшевройл компаниясымен біріккен бастамасына қосылуға қуаныштымыз. Бүгін «Ақбарыс протекшн» зауытымен 8 300 авариялық-құтқару аппаратын дайындап беруі үшін келісім-шартқа отырдық. Бұл соңғы үш жыл ішінде біз локализациялаған 22-ші тауар түрі. Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының арқасында соңғы бірнеше жылда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» отандық өндіріс тауарларын сатып алуды 60% – ға дейін ұлғайтты. Кәсіпорын бұл қарқынды үдетпек. Қазір «Ақбарыс» зауытымен бірге күкіртсутекті қауіпсіздік саласында жаңа тауар түрлерін ойлап тауып шығаруға кірісті.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз