«ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ОТАНЫ»

Жастарды теріс діни ағымнан сақтандыру мақсатында  жас буын өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – бейбітшілік Отаны» атты іс-шара өтті.

«Ақ желкен» шығармашылық орталығы облыстық дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған шара Вокзал маңы ықшамауданындағы «Арбат» алаңында өтті. Ашық аспан астындағы концерттік бағдарламада бизнес және құқық колледжінің студенттері Дамира Досанбаева және Ләззат Тыныштықова әсем қимылдарымен испан биін билесе, Динара Айтжанова «Қанекей,  тілім, сөйлеші»  термесін нақышына келтіре орындады. Ал, Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері Болатбек Ізтелеуов әсем даусымен ән шырқаса, Фархад Мұхамбетұлы мен Даниса Қышбаева әдемі биімен көпшілікті сүйсіндірді.

Сондай-ақ, аталған колледж студенттері қосылып флеш-моб өткізді. Сөйтіп, жастар көпшілікке өз өнерлерін ұсынып, бос уақыттарын осындай игі істерге пайдаланатынын айқын танытты. 

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз