Каспийдің көксеркесі – Елорда сөресінде

жаналыктар2 Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесіне орай қыркүйектің 17-18-і күндері Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты өңірлердің күндеріне мұнайлы аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де тиянақты дайындалуда.

Елорда тұрғындарының жыл сайынғы Атыраудан жеткізілетін сапалы, әрі экологиялық таза мал, егін, балық өнімдеріне деген сұраныстарының жоғары болатыны белгілі.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%802

Бұл жолғы Астана төріндегі жәрмеңке «Тұран» даңғылының бойында орналасқан «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанындағы кең алаңда ұйымдастырылмақшы. Бұл дәстүрлі жәрмеңкеге Атырау өңірінен 36 тауар өндіруші қатысып, жалпы көлемі 90 тоннадан астам өнім жеткізуді көздеп отыр. Оның ішінде, астаналықтар үшін ең жұғымды, жоғары сұранысқа ие – кептірілген, қақталған, ысталған, мұздатылған сазан, көксерке, тағы басқа да 31 тонна балық өнімдері, 38 тонна картоп пен көкөніс, 6,3 тонна ет, 4,6 тонна сүт, екі тонна шұжық өнімдері сатылмақшы. Бұдан басқа, жәрмеңкеге келушілердің консервіленген ет, көкөніс салатының түрлерін, тауық пен бөдене жұмыртқасын да қолжетімді бағамен сатып алуларына мүмкіндік туады.

– Атырау облысының Астанадағы күндеріне облыс орталығы мен барлық аудандардағы шаруа қожалықтары, шағын және орта кәсіп иелері өз өнімдерін жәрмеңке арқылы сатуға құлшынып отыр. Мәселен, Жылыой ауданынан бір тонна шұбат, 20 мың дана жұмыртқа, махамбеттік диқандар 13 тонна көкөніс, бау-бақша, ал, құс өсірушілер 80 мың дана тауық және жеті мың дана бөдене жұмыртқасын саттыққа шығаруды жоспарлады. Атырау қаласы, Исатай және Құрманғазы аудандары – балық, Индер, Қызылқоға және Мақат аудандары картоп, көкөніс пен бақша, ет, сүт өнімдерін Елорда халқына ұсынатын болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев бізбен әңгімесінде.

Атыраулық тауар өндірушілердің елордалықтарға дайындаған өнімдері тиелген көлік керуені жақында жолға шықпақ.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз