«Kaspi банкке» кибершабуыл жасалды

11968391 Жаңалықтар

Atr.kz/28 қазан, 2020 жыл. Kaspi банкте техникалық ақау болды. Кейбір тұрғындар есепшоттағы ақшаларынан айырылғанын айтып шағымданды.

Көптеген қолданушылардың шотында қанша ақша бар екені көрінбей тұр.

«Картамен төлеу, банкоматтан ақша алу, картаға салу және Kaspi.kz арқылы төлемдер мен аударымдар жасау уақытша мүмкін емес. Біз ақауды жою жұмысын жүргізіп жатырмыз. Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз» деп жазылған банктің Facebook парақшасында.

Ал желіде банкке кибер шабуыл жасалды деген ақпарат тарап жатыр. Шотттардан миллиондаған қаражат жойылғаны айтылған. 

«Желідегі кибер шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Клиенттердің ақшасы орнында, ақау жойылған соң шоттағы сома көрсетілетін болады» делінген банк ақпаратында.

«Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз