КӘСІПТІК ОДАҚТАРДЫҢ ЫСТЫҚ ЛЕБІЗІ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Ұлыстың Ұлы күніне орай «Кәсіподақтар үйінде»  Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлерінің құрметіне Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен облыстық кәсіподақтар бірлестігі және қалалық жастар ресурстық орталықтары мерекелік кеш ұйымдастырды.

 

Кеште «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық  бірлестігінің төрағасы Диас Сұлтанов сөз алып, ардагерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

Кеш барысында қала әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев та шаһар басшылығы атынан жылы лебізін жеткізді. Жергілікті жас әншілер әннен шашу шашты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз