Кәсіпкерлерді заңсыз тексеруге қашан тосқауыл қойылады?

unnamed 3 Жаңалықтар

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Мемлекеттік органдардың бизнес нысандарын заңсыз тескеруіне рұқсат берілмесе де, кейбір мекемелер әлі күнге дейін бұл әрекеттерін тоқтатпай отыр.

Жыл басынан бері облыстық прокуратураның мобильдік тобы осындай келеңсіздікке кезіккен үш жүзден астам кәсіпкердің құқығын қорғады.

Мемлекет басшысы биылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған болатын. Мұндай заң бұзушылықтарды болдырмас үшін өткен жылдың соңында Атырау облыстық прокуратура тарапынан мобильдік топ құрылып, бірнеше кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Атырау облыстық прокуратура баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жарияланған мораторийге қарамастан, Атырау қалалық ветеринария бөлімі заңға сәйкес негізі болмаса да, қаланың ірі базарларында тексерулер жүргізген.

Сондай-ақ, «Бас жоспар» ЖШС-і кейбір бизнес нысандарына заң бұзушылықтарды жоюға ескерту жасап, хабарлама жіберген. Прокурорлық тексерулер нәтижесінде акт енгізіліп, алты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Көп реттерде, білім беру мекемелерінде ыстық тамақтануды қамтып отырған жеке кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексеру тәуекеліне көбірек ұшырайды екен.

 Қолданыстағы заңнама мен мораторий тәртібін түсіндіру мақсатында қалалық прокуратура кәсіпкерлер палатасы мен сала мамандарымен бірлесе отырып, шағын бизнес иелерімен кездесу өткізген. Қадалағаушы орган бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетіндігін жеткізді.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/a%D2%9Bshalary%D2%A3dy-%D2%9Bajtarmajmyn-lombard-basshysy-haly%D2%9Bty-aldap-so%D2%9Bty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз