Кәсіпкерлер үшін салық пен төлем саны азайтылады

200902091455127a3689731i Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығына бағалау енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • «Бүгінгі күні Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді», – деді ол.

Сондай-ақ министр салық мөлшерлемелерін саралау мүмкідіктері зерделенетіндігін айтты.

  • «Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі», – деді Руслан Дәленов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз