ҚАРТТАРЫ КӨП ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

Кеше Атырау қаласындағы Салтанат сарайында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қамқорлық айлығы шеңберінде еңбек ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетіп, әңгімелесті.

 

Аймақ басшысымен кездесуге облыс орталығымен қоса аудандардағы ардагерлер де қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов олардың әрқайсысын таныстырып, елдің дамуы жолындағы елеулі еңбектерін атап өтті.

Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов ардагерлердің облысымыздың ғана емес, мемлекетіміздің дамуына қосқан үлестерін оң бағалады. Және олардың барлығы өздерінің өмірін арнаған кәсіби мамандықтарын ұрпақтарының санасына жеткізіп, еңбек әулеттерінің өкілдері екенін мақтанышпен айтты. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыста Елбасының «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру жолында жасалып жатқан игілікті істерді олардың қаперіне берді.

Кездесу барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.

(Облыс басшысының еңбек ардагерлерімен кездесуі жө-ніндегі толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

А.ЕРТІЛЕУ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз