Карантиннің кезең-кезеңмен алынуы тегін емес

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. Атыраулықтар карантиндік режимді ұстанып, санитарлық талаптарды мейлінше орындады деп санаймын. Есесіне, енді айтып келмеген ауру айылын жиып, қауіптің беті бері қарап жатыр. Сәйкесінше, карантин талаптары да кезең-кезеңмен жеңілдетілмек.

Карантиннің біртіндеп алынуы да тегін емес. Өйткені, біз жұқпалы дерттің толықтай жеңдік деп айта алмаймыз. Дүние жүзін дүрліктірген бұл ауру әлі де болса сақталып отыр. Сондықтан әр жеке адам шаштараз, болмаса, басқа да бір қызмет көрсету нысаны ашылды екен деп, бетперде шешуі жөн емес. Бұлай етуге әлі ерте.

Біздің қазақтың дәстүрі бойынша той жасау, өлімге бару осылардың барлығы әлі де болса тыйылмай тұр. Сондықтан талаптарды нұсқауларды қатаң сақтауымыз керек. Көзге көрінбейтін вирустың бар-жоғын ешкімде білмейді. Әрбір адам, әрбір отбасы өзінің күнделікті тұрмысында қарапайым тазалық пен сақтық шараларын сақтағаны дұрыс деп ойлаймын. Сонда ғана біз бұл ауруды толықтай жеңеміз.

Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған