Карантин: 324 атыраулыққа айыппұл салынды

5bc955dcc7242 2 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының 324 тұрғынына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, карантиндік шектеу шараларының ұзартылғанына қарамастан кейбір тұрғындар тарапынан бұл талаптың сақталмайтыны анықталып отыр.

«Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты 32 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мейрамханаларда 8 салтанатты шара, түңгі мезгілде жұмыс істеген 13 кафе-бар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тыйым салған 3 нысан (кинозал, компьютер клубтары) бар.

Атырау қалалық прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматты шектеу шараларын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауапкершілік барын ескертеді» -деп хабарлады Атырау қалалық прокуроратурасынан.

«coronavirus2020.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз