Қарағандыда 18 жастағы сарбаздың өлі денесі табылды

137020 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан. Қарағанды облысында басына оқ тиіп қаза тапқан 18 жастағы сарбаздың денесі табылды.

Оқиға аталған аймаққа қарасты Қоңыртөбе кентінің түзету мекемесінде тіркеліп отыр. Қаза болған сарбаздың денесі 20 ақпан күні табылған. tengrinews.kz-ның хабарлауынша, марқұм  6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. Оқиғаға дейін ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қарауыл бекетінде тұрған.

137020

“Сарбаз өз басына жарақат жасап қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Аймақтың орталық әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобы тексеріс жасап жатыр. Қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіледі”, – дейді ҚР Ұлттық ұлан “Орталық” аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Екінші атқыштар батальонында қызмет еткен сарбаз әскер қатарына былтыр, яғни желтоқсан айында Алматы облысының Талғар ауданынан шақырылған екен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз