ҚАНСОНАРДА ҚАСҚЫР СОҚТЫ

Исатай аудандық аңшылар қоғамының төрағасы Дауылбай Қанатбаев  бастаған аңшылар өткен жылы 56 қасқыр мен 20-ға жуық шибөрі атып алып, аң терілерін облыстық аңшылар қоғамына өткізген болатын. Әуесқой аңшылар осыған орай өздеріне тиесілі сыйақыларын да алды.

 

Десек те, соңғы кезде қасқырлардың басынғаны соншалық, ауыл-ауылды аралап, емін-еркін жүретінді шығарды. 

Жыл басталғалы қасқыр аулауға шыққан әуесқой аңшылардың қытымыр аязға қарамастан апта бойғы тынымсыз еңбектері зая кетпеді. Олардың қанжығалары қанды болып, ел-жұрттың мазасын алып жүрген түз тағыларының қатары бес арлан мен үш шибөріге азайды. Қансонарда аңға шыққан әуесқой аңшылар Асылхан Өтешев, Сүйеу Аманбаев, Хани Хамидуллиндер Жанбай селолық округі аумағындағы теңіз жақ беткейіне із кесу арқылы  қамыс арасындағы қасқырлардың көзін жоюға себепкер болды.

Кешікпей әуесқой аңшылар көлік-қаруларын сайлап, Нарын құмындағы малшылардың өтініші бойынша кезекті сапарға  шықпақшы. 

Б.ХАМИТҰЛЫ,
Исатай ауданы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз