Қаламқас кен орнындағы өрт cөндірілді

20190328102614 83185 Жаңалықтар

Atr.kz/ 28 наурыз, 2019 жыл. Қаламқас кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

«28 наурызда 01:05-те Қаламқас кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді», – деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Еске салайық, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның Қаламқас мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал, 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Қаламқас кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз