ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Бүкіл саналы ғұмырының 45 жылын аудан тарихының жылнамасын жазуға арнаған Индер ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі, республикалық Б.Қаратаев атындағы сыйлықтың иегері, журналист-ақын Сансызбай Базарбаев мерейлі 70 жасқа толды.

Журналистикадағы еңбек жолын Индер аудандық «Индер» газетінде корректорлықтан бастап, басылымның бас редакторлығына дейінгі лауазымдық қызметтерді абыройлы атқарған қарымды қаламгерді бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қабылдады. Ол аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің Құттықтау хатын оқып беріп, сый-сияпатын көрсетті. 

Байырғы журналист бұдан бұрын шыққан «Атырау айдыны», «Ақбота күнді аңсаумен», «Өмір жолы», «Жырымды саған арнадым», «Әділет», «Жеңісті жақындатқан жандар» атты жырлары мен танымдық мақалалары жазылған жинақтарымен оқырман қауы-мына  жақсы таныс. Қабылдауда мерейгер облыс басшылығы тарапынан өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын айтып, күні кеше баспадан жарық көрген «Сезім жарқылдары» атты жыр жинағын тарту етті.

Шыңғыс Жұмабекұлы қаламгер ақын Сансызбай Базарбайұлына өзінің «10 причин, почему важно знать и говорить на казахском языке» атты кітабын сыйлап, зор денсаулық, отбасына амандық пен шығармашылық табыстар тіледі.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз