Қалам ұшында – Астана

 Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Елордамыз Астана күніне арналған «Мен Астананы сүйемін, мен Қазақстанды сүйемін!» атты көркемсурет студиясы оқушылары арасында көрме өтті.

  Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, дарынды талант иелерін табу, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Астана күнін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге 19 оқушының 70 туындысы қойылды. Әсіресе, жас суретші Бақытжамал Өтеғұлованың «Кешкі Астана» деп аталатын акварельмен орындалған жұмысы көпшілік назарын өзіне аударды.

  Ал, Кристина Райхерттің орындауындағы «Мен Астананы сүйемін» атты туындысында үстел басында отырған қыз бейнеленіп, терезеден Бас қаламыздың көрінісі көрінеді. Елордамыздың символына айналған «Бәйтерек» монументін, әсем ғимараттары мен қаланы тамашалап жүрген адамдардың бейнесін жас суретші тамаша көрсете білген.

   Нұралай Қошқалидың «Астана мешіті» атты туындысы да көрерменге жақсы әсер қалдырды.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз