ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ!

Өңірдегі діни ахуалды оңалту, сала бойынша атқарыл-ған жұмыстар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аймақтағы мешіт имамдарымен өткізілген кездесу барысында кеңінен сөз болды. 

Жиынға төрағалық жасаған Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі, сауапты істерге мұрындық болып жүрген сала қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Атырау облысы бойынша «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров бүгінгі таңдағы діни ахуал төңірегінде терең әңгіме қозғап, ораза кезіндегі атқарылар іс-шаралар туралы таныстырып өтті. Айлардың сұлтаны Рамазан айында сауапты істерге бет бұрып, қайырымдылық жасаған жөн. Осы орайда, жоқ-жітікке қарайласып, пітір-садақа беру туралы да айтып өткен Бас имам ораза кезінде қала мешіттерінде арнайы ауызашардың тұрақты ұйымдастырылуда екендігін де атап өтті.

Жиын соңында қала әкімі қалалық ішкі саясат бөлімі, құқық қорғау органдары, ауылдық және селолық округтер әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарды одан әрі жандандыра түсу қажеттігіне тоқталды. 

Г.ӘМІРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз