Қайда жоғалдың, қарғам?

1533789606 ne stese aldyna sol keler Жаңалықтар

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешовтың айтуынша, мәселеге қатысты тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға талдаулар жасалған.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста жыл сайын 50-60 адамға іздеу жарияланса, олардың жартысы хабар-ошарсыз кеткендер санатына жатқызылып, іздестіру шараларының қорытындысына сәйкес іздестіру ісі қысқартылып, енді біріне негізді ақпараттар анықталады екен. – Өткен жылы жоғалғандардың ішінде Атырау қаласының, Жылыой, Құрманғазы, Индер аудандарының тұрғындары тіркелген. Іздеудегілер ішінде 16 әйел, 44 ер, 2 шетел азаматы бар. Ал, кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасөспірімнің 4-уі радикалды бағыттағы ата-аналардың мектеп жасына жетпеген балалары. Талдау мәліметтеріне сәйкес, ер адамдар жиі жоғалады. Мұның басты себептері қызметтік іссапарға, уақытша маусымдық жұмыстарға, автокөлік, не жүк тасымалымен алыс жолға шығуларымен байланысты болып отыр. Ал, балалардың жоғалуына отбасындағы берекетсіздік, қараусыз қалып, көше кезіп, немесе басқа жақтарға кетуі жасырын болып отыр. Атааналардың балаларына аса қаталдық танытып, физикалық күш көрсетуінен, сабақты қорқытып оқытуы, олардың үйлерінен бой тасалап тығылуына, мектепке бармауына итермелейді. Жасөспірімдердің көпшілігі компьютерлік ойындарға әуестігінен үйжайларына оралмай, ата-ананың «жоғалды» деген дабыл қағуына душарлау фактілері жиілеп барады, – дейді М.Өтешов. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы хат алмасып, қыз-жігіттердің танысуы, ақырында бір-бірін іздеп сапарға шығып, үйлеріне келмеулеріне байланысты іздеу салу жиілеп бара жатқаны қынжылтады. Өкініштісі сол, осындай ғаламторлық «ғашықтық» арбауына іліккен жастар отбасынан безіп, кейбірі сәбилерін тастап кеткендер де көптеп кездесетін көрінеді. Мәселен, былтыр облыстағы көмек көрсету орталығында 57 адамға психологиялық қолдау беріліпті.Оның 20 әйел, 37 жасөспірім, ал, 2 әйел, 3 жасөспірім зорлық-зомбылық салдарынан алған дерттерінен әлі айықпаған. Бүгінгі күннің ащы шындығын атап айтқан облыстық қоғамдық кеңес төрағасы жоғалған адамдарды іздеу тек қана полиция қызметкерлерінің ісі болмауы керектігіне баса тоқталды. – Біріншіден, қоғам, қоршаған орта, жанұя, мектеп, қоғамдық ұйымдар бұл проблемаға тиісті бағасын беріп, тиімді шаралар алуы керек. Екіншіден, жоғалған тұлғаларды жедел іздестіру үшін үй-іші тиісті құжаттарын дер кезінде полиция инспекторларына ұсынып, қойылған сауалдарға нақты жауаптарын беруі керек. Олай болмағанда іздеу шарасы кешеуілдеп, айғақтар мен дәлелдер құнын жоғалтады. Табан асты
нан жоғалғандарды іздеу тәжірибесінде технологиялық құрылғыларды қолдануды дамыту қажет, – деген ол адамдардың ізтүссіз жоғалу факторларына байланысты қоғамдық кеңестің зерделеу тобының кейбір тұжырымдарын атап өтті. Сонымен қатар, жоғалу мәселесінің астарында тағы бір күрделі проблеманың басы ашылды. Бұл – адамдарды еріксіз құлдықта ұстау, тұрмыс құруға мәжбүрлеу, алажақбережақ қарыздарына байланысты бас бостандығынан айыру, өлтіру. – Айдың, күннің аманында адамдардың ғайып болуы діни сауатсыздық, тәрбие жұмысындағы осалдық, білім саласының қауқарсыздығы, ата-аналардың балаларына көңіл бөлмеуі, құқықтық тәрбиенің пәрменсіздігі, нашақорлық, маскүнемдіктің салдарынан туындап отырғаны жасырын емес. Жуырда ғаламтор беттерінде облыстық дін басқармасының арнайы хабарламасы жарияланды. Онда өңірдің 15 жас жігіті Египетте,
күрмеулі мәселенің тұрмыстық зорлықзомбылық іс-қимылдарынан бастау алатынын ескертті. Демек, ата-аналар отбасындағы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы тиіс. Өйткені, зерделеу тобы анықтағандай, сауалнама барысында ер азаматтардың 98 проценті «жиынға қатыса алмадым» деген әртүрлі сылтаулармен ақталған. Маңызды мәселеге қатысты пікірін білдірген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев заңсыз жүру фактілерін түбегейлі жою керектігін қатаң ескертті. Себебі, ең алдымен ата-анасынан безген балаға басқалар қалай көмектесе алады? – Ұлы далада жетім де, жесір де болған жоқ. Ал, бізде қазір қарттар үйі де, жетімдер де бар. Адамның санасына қандай қиындық болса да, сені бұл дүниеге әкелген әкең мен шешең екенін жеткізу керек. Анаңа ренжуге болмайды. Түптеп келгенде, ең бірінші соларды бағып-қағуға сен жауаптысың. Өзің жемесең де әкең мен шешеңе бер.
Былтыр облыстағы көмек көрсету орталығында 57 адамға психологиялық қолдау беріліпті.Оның 20 әйел, 37 жасөспірім, ал, 2 әйел, 3 жасөспірім зорлық-зомбылық салдарынан алған дерттерінен әлі айықпаған. BUQARA
Сурет интернеттен алынды.
9-ы Сауд Арабиясында, біреуі Йемендегі ешбір жерде тіркелмеген, сертификат немесе диплом бермейтін діни оқу орындарына кеткен. Анығына келгенде, олардың қандай іспен шұғылданып жүргені белгісіз, ата-аналарымен байланысы жоқ, басына қиындық түсіп, барар жер таппай қиналғанда ғана елшіліктерді жағалап, әртүрлі каналдармен туған-туысқандарына шығып, елге қайтаруды сұрайды, – дейді М.Өтешов. Осы деректер бойынша «адамдар қалаған шетелге аса бере ме, шекара, виза, кеден қайда?» деген сұрақтар қойылады екен. Өкінішке қарай, қашқындарды елге қайтару дипломатиялық жұмыстардың арқасында іске асатыны, елге қаржылай шығын, моралдық нұсқан, ата-ана үшін толғаныс, елде қалған балаларына, жұбайына бақытсыздық әкелетінін түсініп жатқан олар жоқ. Осы орайда, қоғамдық кеңес төрағасы күн тәртібіндегі
Өйткені, олар сені осы күнге жеткізді. Кейбіреулер объективті, субъективті себептері бар дейтін шығар. Бірақ, ең алдымен әке мен шешені ешкім ауыстыра алмайды. Сондықтан, ағайын-тума, балаларын шақырып, «ашық есік күндерін» өткізуді тәжірибеге айналдыру қажет. Маңызды тақырыпқа қатысты әлеуметтік желілерде көптеген мысалдар жүр. Соның бірінде баласы әкесінен атасының қайда кеткенін сұрайды. Қапелімде жауап бере алмаған олар «іссапарда жүр» деп қысқа қайырады. Кейін атасының қайда кеткенін білгеннен кейін ата-анасына ренжіп, оларды қартайған шағында «қарттар үйіне» апаратынын айтады. Қателігін түсінген әке қарияны отбасына әкеліп, тату-тәтті өмір сүріпті. Міне, осындай әлеуметтік тақырыптардағы ой саларлық жарнама, бейнекөріністерді көптеп тарату керек, – деді ол.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз