ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

Әлем тарихында ойып тұрып орын алар ерекше күн – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы Жеңіс – барша соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

«Атауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп» өткен, Отан үшін отқа түскен ерлік пен елдіктің өшпес айғағы.

Аға ұрпақ өкілдері бізге бүгінгі бейбіт өмір мен баянды болашақ сыйлады.

Сол қасиетті де қастерлі оқиғадан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды десек те Ұлы Жеңістің жанары алмастай жарқырап, айбыны арта береді.

Өшкеніміз жанып, ортамыз толған Тәуелсіздік тұғыры нық бекіген тұста да кешегі өздеріңіз жасаған ерлік ұлағаты әрдайым жадымызда сақталады.

Сіздерге бүгінгі жас ұрпақ бойына үлгі боларлық Отан, туған ел, патриотизм сынды бейнелі сезімдерді қалыптастырғаныңыз үшін мың мәрте алғыс білдіремін. 

Алдағы күндерде Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, жақсылықтар мен сәттіліктер тілеймін.

 

Ізгі ниетпен, Атырау қаласының

әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз