Көкөністен уланып қалмаңыз

fcbb1b7eeb14e03383daef8ce0fb25f8 crop l 2 t 40 w 797 h 448 resize w 600 h 315 Жаңалықтар

Базарлар мен дүкендерде, тіпті жолдар бойындағы дүңгіршектерде  қызанақ, қияр, жүзім, құлпынай, өрік, қарбыз, қауын сияқты көкөністердің түрлері көбейдіЕрте піскен көкөністердің сапасы қандай? Оларды кім бақылайды? Түрлі тыңайтқыш арқылы өсірілетін өнім адам ағзасына қауіпті емес пе? Жуырда қалалық әкімдікте өткен жиында осы мәселе кеңінен талқыланды.

fcbb1b7eeb14e03383daef8ce0fb25f8_crop_l_2_t_40_w_797_h_448_resize_w_600_h_315

– Өсімдіктерде нитраттардың шоғырлануы топырақ құрамында көп мөлшерде азоттың болуына байланысты. Азотты тыңайтқыштардың тым көп мөлшерде қолданылуы өнімнің сандық көрсеткіштерін жоғарылатқанымен, оның қоректік, технологиялық және гигиеналық құндылықтарын төмендетеді. Өнімнің жиналуы мен сақталуына да зиянын тигізеді. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесінің нәтижесінде нитриттерге, яғни, уға айналады. Сайып келгенде, жаппай улану осыдан туындауы мүмкін. Ал, біз оған жол бермеуіміз керек, – деді шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Амантай Айтпаев.

Атырау қалаcы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиев бұл орайда әр сауда нүктесінде  санитар-дәрігерлер көкөніс құрамын арнайы «Соэкс» нитрат-тестер құралы арқылы тексеретінін айтты.

– Біз жергілікті тауар өндірушілерге сенеміз. Ең бастысы, бізді алаңдататыны – балалар саулығы. Өйткені, уланудың созылмалы түрі баланың ақыл-ойы мен дене бітімінің дамуына кері әсер етеді, – дейді қалалық басқарма басшысы.

Айта кетсек, өткен жылы он адам көкөністен уланып, ауруханаға түскен. Облыстық аурухананың дәрігері Бауыржан Рахимов қазір емдеу орнында химикалық-таксикологиялық зертхана болмағандықтан, кей ауруларды зерттеу қиынға соғып отырғанын жеткізді.

– Кез келген тамақты, соның ішінде, көкөніс өнімдерін жолдың бойында сатуға тыйым салу тетігін қарастыру керек. Бензиннен бөлінетін қорғасын бөлшектерін, түрлі газды көкөніс өзінің бойына сіңіріп алады. Сөйтіп, ол адам ағзасына түседі. Тәжірибемізде «түсініксіз уланған» нау-қастарды да кездестірдік. Зерттеу нәтижесінде олардың ағзасында нитратқа да, басқа уға да ұқсамайтын белгісіз «заттар» анықталды, – дейді дәрігер.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз