Көңілді марқайтқан құрмет

Көңілді марқайтқан құрмет Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің торқалы тойы құрметіне ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері де марапаттан тыс қалмады.

%d0%ba%d3%a9%d2%a3%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82

Елбасының Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы  Абила Қазиева мен асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекшісі Жасқайрат Қойбақов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен  марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық аумақтық инспекцияның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Сағима Тайшұнақова  «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды.

Мемлекеттік марапаттарды иелеріне мекеме басшысы Абат Жанғалиев (суретте сол жақтан екінші) салтанатты жағдайда табыстады.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз