Үйеңкі үйге сән беріп…

Бұған дейін де газетімізде хабарланғанындай, 10 наурыз-10 мамыр аралығында аймақта көктемгі тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланғандығы мәлім. Осы орайда, облыс орталығы Атырау қаласы бойынша да шара шеңберінде жоспарланған жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Осылайша, сәуірдің 2-сінде кезекті жалпықалалық сенбілік өткізілді. Шаһардың жекелеген мөлтекаудандары мен ауылдық округтерінде аумақтарды қоқыс-қалдықтары мен стихиялы үйінділерден тазарту, тал-теректердің түптерін әктеу, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Өзіміз көріп, куәсі болғанымыздай бұл күні қала мен Атырау халықаралық әуежайын байланыстыратын жолдың (Абылайхан даңғылы) жиегіне де талшыбықтар отырғызылды. Оған қала әкімінің орынбасары Әділбек Зайдуллин мен аппарат басшысы Полымбет Хасанов өздері бастап қатынасса, әкімдіктің өзге жауапты қызметкерлері де осы жерден табылды.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз