ІЗГІЛІККЕ ӨРІЛГЕН ТІЛЕК

Мұсылман қауым асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін Атырау жұртшылығы үлкен сеніммен қарсы алды. Таң сәресімен айт намазын оқуға асыққан жамағатты орталық «Иманғали» мешітінде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов келіп, құттықтады. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, Мәңгілік Қазақ елінің көк Туы көк аспанымызда қалықтай беруін тілеген облыс басшысы мерекенің маңызын ерекше атап өтті.

 

ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Алла жолында сауапты іс жасауға шақыратын Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Жұртшылықты құрбандық шалып, жоқ-жітіктерге қамқорлық көрсетуге шақырды.

Одан әрі айт намазы оқылып, жиылған жұрт мешіт ауласында құрбандық шалды. Құрбандыққа шалынған мал еттері әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасыларға таратылды. Балаларға арналған ойын алаңдарының құрылуы, ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстар мерекенің маңызын одан әрі арттыра түсті.

Асылай  СЕРЖАН,

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз